Шортандыда медицина кадрларының тапшылығы мәселесі қалай шешілуде

 

Бүгінде аудандық аурухана мамандары тәулік бойы жұмыс істейтін 50 төсектік стационарда медициналық көмек көрсетуде. Сонымен қатар, емхана тәулігіне 300 келушіні қабылдауға қауқарлы. Алғашқы медициналық көмекті 8 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт және 15 медициналық пункт қамтамасыз етеді. Ауданға жас мамандарды тартуға арналған бағдарламалар туралы толығырақ брифинг барысында аудан әкімінің орынбасары Шолпан Ахметова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Денсаулық сақтау саласындағы басты мәселелердің бірі – дәрігерлердің жетіспеушілігі. Қазіргі уақытта ауданның медициналық кадрмен қамтылу деңгейі шамамен 90 пайызды құрайды. Дегенмен әлі де мамандар сан тапшы. Мәселен, дерматовенеролог пен ультрадыбыстық зерттеу мамандары қажет. Бұл мәселені шешу үшін ауданға келген жас мамандарға бірқатар әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған.

«Аудан әкімінің гранты есебінен медициналық жоғары оқу орнында 1 студент білім алуда, оған 1,1 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында төрт дәрігерге бес миллион теңгеден бөлініп, тұрғын үй сатып алуға қаржы қарастырылды. Сондай-ақ, Жолымбет ауылының бір дәрігеріне қызметтік пәтер берілді. Бұл шаралар жас мамандарды ауданға тартуға және медициналық қызметті жақсартуға септігін тигізуде», деп толықтырды спикер.

Аудан ауруханалары жыл сайын медициналық жаңа жабдықтармен қамтылып келеді. Сонымен қатар, Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан аудандық ауруханаға шұғыл пациенттерді тасымалдауға арналған жаңа реанимобиль берілді. Қазіргі таңда ауданның санитарлық көлікпен қамтамасыз етілу деңгейі айтарлықтай жақсарды.

Айта кету керек, ауданда өткен жылы үш жаңа нысан пайдалануға қабылданған. Ол Новокубанка ауылындағы дәрігерлік амбулатория және Ключи ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункттер мен Төнкеріс станциялары. Осы жылы Пригородное ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарлануда.

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также