Транзиттік әлеует артып келеді

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев былтырғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының 9 негізгі бағытын белгілеп, Үкіметке, жергілікті атқарушы және өкілетті органдарға солар бойынша тиімді жұмыс істеуді тапсырды. Осы Мемлекет басшысы Жолдауында айтылатын келелі мәселенің бірі – көлік-логистика секторын дамыту болып табылады.

«Бұл стратегиялық мәні айрықша басымдық. Автокөлік жолдарының жай-күйі – өзекті мәселе. Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр. 2,5 шақырымға созылатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орта деңгейде жөндеуге арналған бағдарламаның мән-маңызы зор. Дәл осы жолдармен жұрт өте жиі жүреді. Сондықтан, бағдарламаның ауқымын кеңейтіп, оған кемінде 10 мың шақырым жолды қамтуды тапсырамын» деп атап өтті бұл ретте, Президентіміз.

Бұл, айтылған жайдың сөз жоқ, біздің Ақмола облысына да тікелей қатысы бар. Олай болса, осы бағытта тынбай жұмыс істеу біздің басты борышымыз әрі міндетіміз. Бүгінгі таңда осы іс-шаралардың бір парасы қолға алынып та жатыр. Ол төмендегі жұмыс ауқымынан да анық байқалады.

Жалпы, Ақмола облысында автомобиль және темір жолдар желісі айтарлықтай дамыған. Облыс арқылы Алматы – Екатеринбург, Астана – Павлодар – Барнаул, Астана – Қостанай – Челябинск сияқты үш халықаралық дәліз өтеді.

Ақмола облысының автомобиль жолдарының ұзындығы – 7 890,5 шақырым. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 2 264, облыстық маңызы бар жолдар 2 661, аудандық маңызы бар жолдар 2 965 шақырым. Теміржол жолдарының ұзындығы 1 513,5 шақырымды құрайды.

Соңғы 10 жылда Ақмола облысы бойынша 1000 шақырымнан астам автожол, оның ішінде «Астана – Петропавл», «Астана – Павлодар», «Астана – Қарағанды»негізгі көлік дәліздері қайта жаңартылды.

Өткен жылы жергілікті және республикалық маңызы бар жолдарды салуға және жөндеуге шамамен 106 миллиард теңге бөлінді, бұл 800 шақырым жолды салуға және жөндеуге мүмкіндік берді.

«Жезқазған – Петропавл», «Макинск – Ақсу – Торғай», «Көкшетау – Атбасар» жолдары мен «Щучинск-Степняк-Уәлиханов», «Астана қаласының Шығыс айналма жолы — Сарыоба станциясы», «Бабатай-Волгодновка-Береке-Бұлақсай», «Жаңа Колутон-Ақкөл-Азат-Минское», «Щучинск-Николаевка», «Бурабай-Қатаркөл», «Қорғалжын-Арықты-Сабынды», «Жақсы-Державинск», «Есіл-Свободное-Раздольное», «Жолымбет-Шортанды-Пригородное» және тағы басқа осы сияқтымаңызды жол учаскелерін күрделі және орташа жөндеу бойынша ірі жобаларды іске асыру жалғасуда.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында сервистің 186 объектісі орналасқан, оның 158-і немесе 84 пайызы Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді. Қазіргі уақытта жол бойындағы сервис объектілерінің 29-ін сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Көлік инфрақұрылымын жақсарту жүктерді тасымалдаудың жыл сайынғы өсуіне ықпал етеді. 2024 жылы облыста жүк тасымалдау көлемі өткен жылға қарағанда 19,9 пайызға ұлғайып, 103,8 миллион тонна жүкті құрады.Көліктік-логистикалық әлеуетті дамыту жөніндегі бұл жұмыс жалғастырылатын болады.

Ағымдағы жылы жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге 62,3 миллиард теңге бөлінді, 450 шақырымға жуық автомобиль жолдары мен елді мекендердің көше-жол желісін жөндеу жоспарлануда.Облыс аумағында жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау 108 тұрақты маршруттар бойынша жүзеге асырылады. Оның 55-і қалаішілік (селолық 4), 15-і қала маңындағы, 21-і ауданішілік, 10-ы облысішілік қалааралық, 7-еуі облысаралық маршруттар.

Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 10 сәуірдегі №6С-31-7шешімімен91 маршрут әлеуметтік маңызы бар болып белгіленді және субсидиялауға жатады.Әлеуметтік маңызы бар жол қатынасы бойынша жол жүру құны жергілікті өкілді органдармен бекітілген және келісілген. Бүгінгі күні ол қалалық маршруттарда 60 теңгеден 110 теңгеге дейін (60 теңге – Степногорск қ., 70 теңге – Степняк қ., Макинск қ., 80 теңге – Ақкөл қ., Державинск қ., Есіл қ., Шортанды к., 90 теңге – Ерейментау қ., 100/180 теңге – Көкшетау қ., 100 теңге – Балкашино ауылы, 110 теңге – Атбасар қ., Щучинск қ.) және ауданаралық (қалааралық облысішілік) автобус маршруттарында 1 жолаушы шақырымы үшін 9 теңге болып бекітілген. Бұл шара тұрғындарды қоғамдық көлікте әлеуметтік тарифті сақтау түрінде, ал, тасымалдаушыларды шығындарды субсидиялау түрінде қолдауға бағытталған.

2018 жылдан бастап «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ отандық автоөндірушілерді қолдау шеңберінде жылдық 7 пайыздан және 2022 жылдан бастап жылдық 0,01 пайыздан жеңілдікті мөлшерлемелер бойынша автобус паркін жаңартуды лизингтік қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда.Осы бағдарламаның негізгі талаптарының бірі тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау болып табылады. 2019 жылдан бастап Көкшетау қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар қалалық қатынастарды субсидиялай бастағанын ескере отырып, тасымалдаушылар осы бағдарламаға қатыса алды.

Мәселен, 2019-2020 жылдар кезеңінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Көкшетау қаласының қоғамдық көлігі үшін 94 жаңа қалалық автобус сатып алынды.2024 жылы облыс тасымалдаушылары қалалық бағыттарға 24 және қалааралық бағыттарға 2 жаңа автобус сатып алды. Оның ішінде Степногорск қаласы үшін 13, Көкшетау қаласы үшін 7, Щучинск қаласы үшін 4 және қалааралық тасымалдау үшін 2 (Көкшетау – Степняк, Көкшетау — Бурабай) автобус сатып алынды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Көкшетау қаласы үшін тағы 10 жаңа қалалық автобус жеткізіледі деп күтілуде. Осылайша, облыста тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау есебінен әлеуметтік маңызы бар қатынастарда 204 автобустың 120-сы немесе 60 пайызы жол жүру құнының шамалы өсуімен жаңартылды.

Статистикалық деректерге сәйкес 2024 жылы 103,8 миллион тонна жүк тасымалданды, бұл 2023 жылғы деңгейден 19,9 пайызға артық, осы кезеңде жүк айналымы 26,2 миллиард тонна-шақырымды құрады, бұл 2023 жылғы деңгейден 2,1 пайызға аз, 30,9 миллион жолаушы тасымалданды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 6,2 пайызға артық, жолаушылар айналымы 1 312 миллион жолаушы-шақырымды құрады немесе 2023 жылмен салыстырғанда 102,4 пайыз болды.

Облыс аумағында 55 темір жол станциясы орналасқан. 10 ірі темір жол вокзалы бар. Олар Көкшетау, Щучинск, Атбасар, Ақкөл, Макинск, Есіл, Ерейментау, Державинск, Жалтыр және Аршалы қалаларында.

Қазіргі уақытта Көлік министрлігімен бірлесіп 9 темір жолвокзалын күрделі жөндеу мәселесі пысықталуда. Ол вокзалдар Көкшетау, Щучинск, Атбасар, Ақкөл, Макинск, Есіл, Ерейментау қалаларында, Жалтыр және Аршалы ауылдарында орналасқан. Көкшетау жәнеВишневка (Аршалы) станциясының вокзалдарын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде, Бурабай курорты станциясының вокзалын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар да жоспарланған, 7 вокзал бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірлеу үшін инвесторлар іздестірілуде.

Ақмола облысының аумағында 1 әуежай жұмыс істейді. Ол Астана қаласындағы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ филиалы болып саналатын «Көкшетау әуежайы».2013 жылы жасанды ұшу-қону жолағы мен аэровокзалды қайта құру жұмыстары аяқталды. Әуежай барлық халықаралық талаптарға және ИКАО I-ші санатына сәйкес келеді.2020 жылы әуежай қонақ үйінің ғимаратына күрделі жөндеу, аэровокзал терминалына жөндеу, ұшу жасағы ғимаратының қасбетіне косметикалық жөндеу жүргізілді.

Әуежайдан Алматы, Ақтау және Шымкент қалаларына «СКАТ» авиакомпаниясы» АҚ және «QAZAQ AIR» АҚ әуекомпаниялары 3 облысаралық әуе қатынасын орнатты. 2024 жылы Көкшетау қаласының әуежайынан 24 868 жолаушы ұшты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 9 пайызға артық. Рейстердің саны 587 рейсті құрады, бұл 2023 жылдағыдан 38 пайызға артық.

Ағымдағы жылы Алматы және Шымкент қалаларына әзірше 2 авиарейс іске қосылды. Ақтау – Көкшетау – Ақтау авиарейсі бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде, сондай-ақ, ағымдағы жылы Қызылорда-Көкшетау-Қызылорда бағытына жаңа әуе қатынасын ашу, қолданыстағы авиамаршруттар бойынша ұшу жиіліктерінің санын арттыру жоспарлануда.

Міне, бұл жұмыстар облысымызда көлік-жол логистикасын дамытып, елдің транзиттік әлеуетін арттыруда белгілі бір қадамдар жасалып, олар өз нәтижесін беріп те жатқандығын айқын көрсетеді. Әрине, мұнымен арқаны кеңге салмай, Жолдау жолдарында айтылғанындай, барды баянды, жоқты бар ете түсу уақыт талабы деп білеміз.

Владимир КУЛАКОВ,

Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также