Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 52-бап

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ата заңымыздың Парламент депутаттарының құқықтары мен міндеттеріне арналған ІҮ бөлімінде барлық бап өзгертуге ұсынылды деуге болады.
Бүгінгі түсіндірме жасайтын бап – 52-бап. Бұл бапта депутаттардың депуттатық мандаты қандай жағдайда тоқтатылатыны ашып көрсетілген.
Мысалы қазіргі кездегі қолданыстағы Конституцияның 52-бабының 5-тармағының үшінші бөлігінде «депутат конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған саяси партиядан шыққан кезде немесе шығарылған жағдайда; конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылатыны» атап көрсетілген болатын. Енді Конституциялық реформа бойынша референдум өткен соң ол жағдай басқаша болады.
Яғни, жаңа жобада көрсетілгендей, бұдан былай сайлаушылардың өзі депутатты депутаттық мандаттан айыра алады. Бұл бұған дейін Тәуелсіз еліміздің тарихында болған жоқ десек те болады.
Енді сайлауға түскенше уәдені үйіп-төгіп, депутат атанған соң ұшты-күйді жоғалатын депутаттар, сайланған соң да өз сайлаушыларымен тығыз қарым-қатынаста болуы керек. Егер халыққа берген уәдесін орындамай немесе халықтың мұң-мұқтажын тыңдамаған, жоғарыға жеткізбеген депутаттарды халық қайтадан мандатынан айырып тастай алады.
Жалпы, бұған дейінгі талдауларымызда да атап өткеніміздей, Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын өзі бас болып жүзеге асырып жатқанын осы Конституциялық реформа аясынан-ақ байқауға болады.
Сонымен, халық қалулыларының тағдырын шешуге бағытталған 52-бапта не өзгергенін төменнен оқып көріңіздер.
Айта кетейік, Конституциялық реформаға ұсынылған Ата заңымыздың жаңа нұсқасы жақында жарияланды. Ал ескі нұсқасы Ақорданың ресми сайтында жарияланған қазіргі кездегі қолданыстағы Конституциядан алынды.
52-бап
Жаңа нұсқада: 52-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Парламент Мәжілісінің депутаты:
1) депутат конституциялық заңға сәйкес партиялық тізім негізінде өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;
2) конституциялық заңға сәйкес партиялық тізім негізінде депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан;
3) бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты конституциялық заңда айқындалатын тәртіппен сайлаушылар кері шақырып алған кезде өз мандатынан айырылады.».
Ескі нұсқада: 52-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі
Парламент Мәжілісінің депутаты:
1) депутат конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;
2) конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады.
Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Республика Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламент және Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігі тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайларда тоқтатылады.
Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық реформада өзгертілген баптар: 4-бап, 6-бап, 15-бап, 23-бап, 24-бап, 42-бап, 43-бап, 44-бап, 46-бап, 47-бап, 50-бап, 51-бап
https://baq.kz/konstitutsiyalyq-reforma-qay-bap-qalay-ozgeredi-52-bap_278543/

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также