Витринадағы тауар бағасының кассадағы бағаға сәйкес келмеуі

 

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабында сатып алушының тауарды сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған баға жапсырмасымен ресімделген көрсетілген құнға сәйкес сатып алуға толық құқығы бар екеніне кепілдік беріледі.

Егер тұтынушылар тауарды сатып алу кезінде кассада тесілген және баға белгісінде көрсетілген бағаның сәйкессіздігін анықтаған жағдайда, тұтынушы витринаға барып, тауармен баға белгісінің суретін түсіріп, содан кейін ақша қаражатын қайтару туралы өтінішпен сауда объектісінің әкімшілігіне жүгінуі керек. Осы факт бойынша шағым (өтініш) қалдыру және оны жіберу фактісін тіркеу міндетті. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 42-4-бабына сәйкес сатушы шағымды қарауға және талаптармен келіспеген жағдайда оны алған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде құжаттамамен негізделген дәлелді жазбаша жауап беруге міндетті.

Егер тұтынушының талабы қанағаттандырылмаса, онда ол жосықсыз сатушыға қатысты сотқа, сондай-ақ сатушыны әкімшілік жауаптылыққа, сондай-ақ тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілеріне тарту туралы мәселені қарау үшін Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тиісті өтінішпен жүгінуге құқылы.

Тұтынушылар сатушылардың жоғарыда аталған фактілерді жіберуі кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соқтыратынын білуі тиіс. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 193-бабына сәйкес баға белгісімен ресімделген тауардың теңгедегі құнын көрсетпей өткізу не құны жапсырмамен ресімделген бағадан асатын тауарды өткізу, сондай-ақ жария шарт талаптарында Қазақстан аумағында оны өткізу кезінде бағаны теңгемен көрсетпеу құқық бұзушыға айыппұл санкцияларын қолдануға әкеп соғады».

 

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также