«Сарыарқа» ЗК құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігі «Халық тану» Халықаралық қоғамдық сыйлығын тапсыру бойынша байқаудың басталғаны туралы хабарлайды
«Халық тану» Халықаралық қоғамдық сыйлығы (бұдан әрі – ХҚС) Қазақстан Республикасының Орталық Азиядағы көшбасшылық рөлін күшейту және әлемдік экономикадағы позициясын бекіту, ел халқының үздік мамандар мен заңды тұлғаларды, барлық салалық бағыттарды, біздің мемлекетіміздің экономикасын дамытуға белсенді қатысатын немесе қатысуды жоспарлап отырған Қазақстан Республикасының, өзге де елдердің заңды тұлғаларын анықтау мақсатында табысталады. ХҚС үздік мамандарға, кәсіпорындардың басшыларына – экономиканың жеке, мемлекеттік және қоғамдық секторына, үздіктерді іріктеу жолымен, ұйымдастырушының сайтында халықтық дауыс беру арқылы беріледі.
ХҚС – бұл үздік мамандар мен табысты кәсіпорындарды бөліп көрсетуүшін жақсы мүмкіндік.
«Халық тану» — бұл жай халықтық сыйлық қана емес. Бұл ел экономикасына тартылған мамандар мен кәсіпорындардың қалғандарын алға жылжуға ынталандыра отырып, одан да жақсы және кәсіби жұмыс істеуге ынталандыру.
ХҚС 3 номинация бойынша табысталады:
«Кәсіпқой» – Қазақстан мен шет елдер экономикасының барлық салаларындағы мемлекеттік органдардың, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың үздік мамандары, қатысу құны — 50 000 теңге;
«Ашылу және тұрақтылық» — Қазақстан мен шет елдер экономикасының барлық салаларындағы мемлекеттік органдардың, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың үздік ұйымдары мен кәсіпорындары, кәсіпкерлер үшін қатысу құны – 100 000 теңге, құрамында 50 қызметкерге дейінгі заңды тұлғалар үшін – 200 000 теңге, құрамында 50 қызметкерден жоғары заңды тұлғалар үшін – 300 000 теңге;
«Қазақстанның құрметті азаматы» – ҚР батырлары — ержүрек, асыл, игі істер жасаған кісілер, біздің арамызда жоқ, бірақ олардың ел дамуына қосқан үлесін асыра бағалау мүмкін емес жандар, қатысу ұйымдастырушылар есебінен.
ХҚС-на қатысуға өтінімдер енгізілуі мүмкін:
— өзін-өзі ұсынған жеке тұлғалар;
— мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары.
ХҚС өткізудің негізгі кезеңдері мен мерзімдері:
Бірінші кезең — «Республикалық» 2023 жылғы 1 ақпаннан 31 наурызға дейін – еліміздің облыстары бойынша «Үздіктерге» халықтық дауыс беру.
Екінші кезең — «Халықаралық» 2023 жылғы 3 сәуірден 26 мамырға дейін – халықаралық деңгейдегі «Үздіктер» үшін халықтық дауыс беру.
ҚР облыстары бойынша бірінші кезеңге қатысуға өтінімдерді қабылдау (кандидаттарды ұсыну).
Қабылдау мерзімі 2023 жылғы 20 қаңтардан 30 наурызға дейін.
Өтінім парағын алу үшін Instagram-да ХҚС ұйымдастырушысына @pomog_vsem_kz жазылып, сол жерде өтінім парағына сұраныс қалдырыңыз.
Халықаралық деңгейдегі екінші кезеңге қатысуға өтінімдерді қабылдау (кандидаттарды ұсыну).
Қабылдау мерзімі 2023 жылғы 1 наурыздан 25 мамырға дейін.
ХҚС-ның толық ақпаратымен және ережесімен ұйымдастырушының www.pomogvsem.kz сайтындағы «Халық тану» бөлімінде танысуға болады.
«Халық тану» Халықаралық Қоғамдық Сыйлығының ұйымдастыру комитеті