Атбасар қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілді


Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Ақмола облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Атбасар қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасына мониторинг жүргізді.
🔎 Мониторинг барысында мамандар негізгі азық-түлік тауарларының бөлшек саудадағы бағаларын, сондай-ақ сауда үстемесінің шекті мөлшеріне қойылатын талаптардың сақталуын тексерді.
📌 Белгіленген баға шектеулерінің асып кету фактілерін анықтауға және қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуына ерекше назар аударылды.
🤝 Мұндай іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі және баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
Біздің ортақ мақсатымыз — халық үшін негізгі азық-түлік тауарларының қолжетімділігін қамтамасыз ету!
#АқмолаОблысы #Атбасар #ӘМАТ #БағаМониторингі #ТұтынушыларҚұқықтарынҚорғау #СаудаМинистрлігі #БағаТұрақтылығы#заң_мен_тәртіп

