Кәсіпорындардың шығындарын өтеу бойынша 1 млрд теңгеден астам сомаға өтінімдер мақұлданды

🔈Кәсіпорындардың шығындарын өтеу бойынша 1 млрд теңгеден астам сомаға өтінімдер мақұлданды

 

📎2025 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша QazIndustry кәсіпорындардың шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша 74 өтінімді мақұлдады. Жалпы өтеу сомасы 1 млрд 56 млн 584 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Аталмыш кезеңде кәсіпорындарға 526,4 млн теңге өтелген болатын.

 

➡️Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының Бизнесті ынталандыру дирекциясының мәліметінше, кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындары өтелді. Атап айтқанда, ынталандыру шаралары технологиялық процестерді жетілдіру, өндірісті жаңғырту, цифрландыруды енгізу, персоналды оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттыру, технологиялық жабдық сатып алу, сондай-ақ өнімді ішкі нарыққа ілгерлету бойынша шығындарын қамтыды.

 

➡️ Өтінімдердің басым бөлігі Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы, сондай-ақ Алматы, Павлодар және Қарағанды облыстарындағы индустрия өкілдерінен келіп түскен. Салалық тұрғыда металлургия, машина жасау, агроөнеркәсіп кешені, жиһаз және құрылыс материалдарын өндірумен айналысатын кәсіпорындар белсенділік танытуда.

 

➡️ QazIndustry өкілдері телефон арқылы кеңес беруден бөлек, Ашық есік күндері мен өнеркәсіп өкілдерімен өткізілетін кездесулер барысында мемлекеттік ынталандыру шараларын түсіндіруді жалғастыруда.

 

➡️ QazIndustry кәсіпорындардың технологиялық процестерді жетілдіруге, өндірісті жаңғыртуға және өнімді ілгерілетуге байланысты шығындарының 40-50%-ын өтейтінін еске саламыз.

 

➡️ Шығындарды өтеу шарттарымен QazIndustry ресми сайтының басты бетіндегі «Бизнесті ынталандыру» бөлімі арқылы немесе аптаның әр бейсенбі күні QazIndustry кеңсесінде( Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, Е блогында) өткізілетін Ашық есік күніне қатысу арқылы білуге болады.

 

—————————————

 

🔈Более чем на 1 млрд тенге одобрены заявки на возмещение затрат предприятий

 

📎По итогам семи месяцев 2025 года QazIndustry одобрил 74 заявки предприятий на возмещение затрат на общую сумму 1 млрд 56 млн 584 тыс. тенге. Это вдвое больше, чем за аналогичный период прошлого года. Тогда предприятиям было возмещено 526,4 млн тенге.

 

➡️ Согласно данным дирекции стимулирования бизнеса Казахстанского центра индустрии и экспорта, предприятиям компенсировали затраты, направленные на повышение производительности труда – совершенствование технологических процессов, модернизацию производства, внедрение цифровизации, обучение персонала, повышение компетенции работников, приобретение технологического оборудования, а также на продвижение продукции на внутренний рынок.

 

➡️ Самыми активными в плане подачи заявок оказались представители индустрии городов Алматы, Астаны и Шымкента, Алматинской, Павлодарской и Карагандинской областей, в отраслевом разрезе – предприятия металлургической промышленности, машиностроения, АПК, по производству мебели и стройматериалов.

 

➡️ Представители QazIndustry, помимо телефонных консультаций, продолжают разъяснять меры госстимулирования во время проведения Дней открытых дверей и инициативных встреч с промышленниками.

 

➡️Напомним, QazIndustry возмещает от 40 до 50% затрат предприятий, связанных с усовершенствованием технологических процессов, модернизацией производств и продвижением продукции.

 

➡️ С условиями возмещения можно ознакомиться в опции «Стимулирование бизнеса» на главной странице сайта QazIndustry или в Дни открытых дверей (каждые вторник и четверг) в офисе по адресу: Астана, проспект Кабанбай батыра, 17, блок Е.

 

_________________________

Instagram | Facebook | Website

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также