Көпбалалы ана қайтарымсыз грант алып, тігін шеберханасын ашты
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында тұратын көпбалалы ана мемлекеттен берілетін қайтарымсыз гранттың арқасында өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Дербісек ауылының тұрғыны шағын тігін шеберханасын ашқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мейремгүл Кахраманова былтыр тамыз айында тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу тақырыбында жобасын сәтті қорғап шыққан. Нәтижесінде грант жеңіп алып, мемлекет қаржысына тігін цехына қажетті құралдарын алған.
Ауыл тұрғыны бүгінде тапсырыспен жұмсақ ойыншықтар, жайнамаз, құрақ қапшықтар, сөмкелер, кестелі бұйымдар тігеді.