2024 жылғы тасқын еліміз үшін зор сынақ болды. Мұндай алапат тас­қын Қазақстанда бұрын болмаған. Мемлекет орасан зор қауіптің бетін қайтару үшін шұғыл шаралар қабылдады. Адамдар дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілді, олардың уақытша паналайтын орындары әзірленді, материалдық резервті пайдалануға рұқсат берілді. Апаттан құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің ғана емес, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің, Ұлттық ұланның және басқа да құрылымдардың қызметкерлері, жалпы саны 63 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Соның арқасында көптеген азаматты құтқарып, аман сақтап қалдық. Ең бастысы – осы.
Бір ел, бір халық болып, жұдырықтай жұмыла білсек қана мұндай апаттарды еңсере алатынымызға бәріміз көз жеткіздік. Су тасқыны кезінде волонтерлер қозғалысының әлеуеті зор екенін көрдім, себебі өзім де волонтер ретінде гуманитарлық көмек беру қоймасында жұмыс істеп, қолымыздан келгенше түкпір-түкпірінен келген гуманитарлық көмекті зардап шеккендерге тұрғындарға жеткізу жұмысын ұйымдастырдық. Көктемгі су тасқынының салдарын жою үшін қабылданған шаралар мемлекеттің тиімді жұмыс істей алатынын көрсетті. Зардап шеккен бір де бір отбасы көмек-қолдаусыз қалған жоқ. Үй салынды, пәтер берілді, қарғын судан зардап шеккен барша тұрғындар мен кәсіпкерлердің шығыны өтелді. Мұның бәрі өте қысқа мерзім ішінде жасалды. Атбасар өңірде су тасқынынан зардап шектен елді- мекен қатарында болды, бірге көтерген жүк жеңіл дегендей ауданымыздың әрбір тұрғыны , жерлестері үшін қолдарынан келген көмекті аямады. Қаншама өңірлерден гуманитарлық көмектер келіп, зардап шеккен тұрғындарға берілді. Су тасқынының салдарын жоюға ірі бизнес өкілдерінің қосқан үлесі де зор. Сонымен қатар Атбасар ауданында су тасқынына зардап шеккен отбасыларға тамыз айында жаңа пәтердің кілттері табысталды. Бұл атқарылып жатқан істің нәтижесі деп білуге болады.
“Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы»қоғамдық бірлестігі
Ақмола облысы, Атбасар аудандық филиалының мүшесі
Камшат Қадылқызы
By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также