Интернеттегі сталкинг: назар қашан қудалауға айналады?
Интернеттегі сталкинг: назар қашан қудалауға айналады? Жалған аккаунттар ашу, қайта-қайта хабарлама жазу, әлеуметтік желідегі белсенділікті бақылау және бұғатталғаннан кейін де байланыс орнатуға тырысу — бұл жай ғана мазалайтын әрекет емес, заңсыз қудалаудың белгісі болуы мүмкін. Қазақстанда Қылмыстық кодекстің 115-1-бабында сталкинг үшін жауапкершілік көзделген. Яғни, адамның еркінен тыс онымен байланыс орнатуға немесе оны аңдуға бағытталған заңсыз әрі жүйелі әрекеттер, егер олар жәбірленушіге елеулі зиян келтірсе, құқықтық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Интернеттегі қудалау әртүрлі түрде көрініс табады: адам бұғатталғаннан кейін жаңа аккаунт ашып қайта жазады, әлеуметтік желідегі белсенділікті бақылап отырады, орналасқан жерін анықтауға тырысады немесе психологиялық қысым көрсетеді. …
