Қазақстанда жаз басынан бері ауқымды қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін 70 теміржол вокзалы пайдалануға берілді, оның ішінде 40 нысан шілде айында ашылды. Нысандарды қайта жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздегі 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Қайта жаңғырту аясында ірі өңірлік вокзалдармен қатар шағын станциялар да жаңартылды. Ең ауқымды жұмыстар Ақмола облысында атқарылды, мұнда 12 вокзалда жөндеу жүргізілді. Қарағанды облысында 11 нысан жаңартылды, оның ішінде жолаушылар платформалары мен Қарағанды – Сортировочная станциясының инфрақұрылымы бар. Сонымен қатар жұмыстар Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Жетісу және Ұлытау…
Ақмола облысында тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төккен тұрғын жауапкершілікке тартылды Целиноград ауданының Қараөткел ауылында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгу орны анықталды, деп хабарлайды prosud.kz. Ауылдық округ әкімдігі мен құқық қорғау органдарының үйлесімді жұмысының нәтижесінде заңсыз қоқыс үйіндісін ұйымдастырған адамның жеке басы қысқа мерзімде анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, ресми ескерту берілді. Айта кету керек, сол күні аталған аумақта ауқымды санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді. Қоқысты тазалауға еріктілер, волонтерлер және жергілікті тұрғындар белсенді қатысты. Бірлескен күш-жігердің арқасында барлық қалдықтар жиналып, қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған мамандандырылған полигонға шығарылды.…
В Акмолинской области за незаконный сброс бытовых отходов наказали жителя В селе Караоткель Целиноградского района в ходе рейдов обнаружили незаконную точку сброса бытовых отходов, сообщает prosud.kz. Благодаря слаженному взаимодействию акимата сельского округа с правоохранителями, личность устроившего стихийную свалку была установлена в кратчайшие сроки. Им оказался местный житель. В отношении нарушителя составили протокол об административном правонарушении и вынесли официальное предупреждение. Стоит отметить, что в этот же день на проблемном участке развернулись масштабные работы по санитарной очистке. К ликвидации мусора активно подключились добровольцы, волонтеры и местная общественность. Совместными усилиями весь мусор собрали и вывезли на специализированный полигон ТБО. Загрязненный участок…
Мемлекет басшысы Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиаданың ашылу салтанатына қатысты ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Жасанды интеллект бойынша ІІІ халықаралық олимпиаданың ашылу салтанатында сөз сөйледі. ✔️Президент сөзінде еліміз цифрлық даму тұрғысынан стратегиялық таңдау жасағанына тоқталды. – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының электронды үкіметті дамыту индексінде 193 мемлекеттің арасынан 24-орын алады. Жаңа технологияларды енгізуге әзірлік деңгейі бойынша еліміз Орталық Азияда көш бастап тұр. Біз бірыңғай инновациялық экожүйе құрып жатырмыз. Мұнда жасанды интеллект мемлекетті, экономиканы, бизнесті басқарудың маңызды тетігі ретінде қоғам өмірінің барлық саласына дендеп енеді. Былтырғы Жолдауымда алдағы үш жыл ішінде Қазақстанды толық цифрлық мемлекетке айналдыру бойынша нақты міндет…
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз сапалы білімге, дарынды балаларды жан-жақты қолдауға баса назар аударатынын айтты – Былтыр Бейжіңде өткен Жасанды интеллект бойынша олимпиададан Қазақстан оқушылары үш алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Ел мерейін асыратын бұл жетістік жастарымыздың зияткерлік және шығармашылық әлеуетінің зор екенін көрсетеді. Орайлы сәтті пайдалана отырып, талантты өрендерімізге бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаздар мен тәлімгерлерге алғыс айтамын, – деді Мемлекет басшысы. ✔️Президент бұл олимпиада жасанды интеллектіні зерттеуші жастардың халықаралық қауымдастығының дамуына үлкен серпін беретініне сенім білдірді. – Білім қай заманда да халықты біріктіріп, адамзатты өркениеттің шыңына жетеледі. Сіздердің қарым-қабілеттеріңіз медицина, білім, экология және басқа…
Іс-шара барысында Мемлекет басшысы халықаралық олимпиаданың құрылымымен, байқау тапсырмаларымен және автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты ➡️Астана қаласында 2-8 тамыз аралығында өтетін Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиадаға 106 елден келген 500-ден астам дарынды оқушы қатысуда. Олар ЖИ үлгілерін әзірлеу және автоматты роботтарды бағдарламалау сайыстарында бақ сынайды.