Ақмола облысында ауқымды есірткіге қарсы айлық басталды
Ақмола облысында ауқымды есірткіге қарсы айлық басталды Ақмола облысында Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің халықаралық күніне орайластырылған ауқымды есірткіге қарсы айлықтың ресми ашылуы өтті. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаев, білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов және Ақмола облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Разия Курсанова өңірде атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстар, есірткі қылмысына қарсы қабылданып жатқан шаралар мен алдағы іс-шаралар туралы баяндады. Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Осыған орай өңірдің білім беру ұйымдарында «Адал…
