
Көкшетауда банктік және микрокредиттік қарыздар бойынша дау қалай реттеліп жатыр
Көкшетауда банктік және микрокредиттік қарыздар бойынша дау қалай реттеліп жатыр Өткен жылы Көкшетау қалалық соты маңызды жетістіктерге жетіп, бірнеше салада елеулі өзгерістер енгізді. Бұдан былай Омбудсмендер ипотекалық қарыздар бойынша ғана емес, барлық түрдегі банктік және микрокредиттік қарыздар бойынша дауларды реттей алады. Бұл туралы Көкшетау қалалық сот төрағасының міндетін атқарушы Алтынгүл Сәпиева брифинг барысында баяндады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Спикердің айтуынша 2024 жылы қабылданған заңнамалық өзгерістердің ішінде банктер мен микрофинанс ұйымдары омбудсмендерінің құзыретін кеңейту болған. Бұл өзгеріс қаржылық дауларды сотқа дейін шешуге және сотқа түсетін істердің санын азайтуға бағытталып отыр. «Жаңа заңдарға сәйкес, әлеуметтік осал топтардың мүшелері…