
Сандықтау ауданындағы медициналық нысандардың жағдайы қалай?
Сандықтау ауданында медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Максимовка, Лесное, Каменка және Веселое ауылдарындағы медициналық нысандардың тозығы жеткен. Жаңа дәрігерлік амбулаториялардың жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, қаржыландыру көзделген. Жыл басынан бері Масимовка ауылындағы жаңа амбулатория құрылысына қаржы бөлінген. Бұл туралы брифингте аудан әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммцникациялар бөлімінен. Атап айтқанда, Максимовка ауылындағы амбулатория құрылысына 300 млн теңге бөлінген. Аудан әкімінің орынбасары жаңа медициналық нысандардың ашылуы ауыл тұрғындары үшін сапалы және қолжетімді медициналық қызмет алуға мүмкіндік береді деп отыр. «Ауданымыздың ауылдарында медициналық нысандарды жаңарту жұмыс жоспарында бар. Одан бөлек медициналық кадрлар…