Ақмолада вейпке қарсы күрес күшейді
Ақмола облысында вейп өнімдерін заңсыз сату мен таратуға қарсы шаралар күшейтілуде. Жыл басынан бері құқық қорғау органдары 6 мыңнан астам электронды құрылғыны тәркілеп, Қылмыстық кодекстің 301-1-бабы бойынша 9 қылмыстық іс қозғаған. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті бастығының орынбасары Алмас Баймурзин мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен. Жалпы ел бойынша жылдың алғашқы жартысында 53 қылмыстық іс қозғалып, 800 мыңға жуық вейп тәркіленген. Спикердің айтуынша, таралуының негізгі арналары — әлеуметтік желілер мен интернет-дүкендер. «Полиция басқармасымен бірлесіп, биыл Көкшетау қаласында 1425 вейп тәркіленді. 9 қылмыстық іс тіркеліп, қазіргі таңда ішкі істер органдарында тергеліп жатыр. Сонымен қатар, Астана қаласының…
