Ақмола өңірі 100 пайыз таза ауызсумен қамтылу межесіне жақын Ақмола облысында халық үшін аса өзекті мәселелердің бірі – ауызсумен қамту – бүгінде көп жылдық түйткілдер қатарынан шығып, нақты нәтижелер беріп жатқан бағытқа айналды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Марат Ахметжанов айтып берді. Әкімнің айтуынша, биыл 77 елді мекеннің тұрғындары таза ауызсуға қол жеткізеді. Қазіргі таңда 36 ауылда су құбыры желілері салынып жатыр, олардың жартысына жуығының құрылысы аяқталған. «Нәтижесінде шамамен 20 мың тұрғын орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. Ауылдық жерлер үшін бұл – елеулі жетістік», - деді өңір басшысы. Ал ұзақ магистраль салуға мүмкіндік жоқ шағын ауылдарда…
