Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет Солтүстік Қазақстан облысындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға 1,4 млрд теңге бөлді
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет Солтүстік Қазақстан облысындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға 1,4 млрд теңге бөлді Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Тепличное ауылындағы қорғаныс бөгетін реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Жұмыстар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқынына қарсы құрылыстарды нығайту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес жүргізілуде. Реконструкциялау жұмысының мақсаты – құрылыстың беріктігін нығайту және елді мекеннің толыққанды қорғалуын қамтамасыз ету. Бөгетті толық реконструкциялау жобасына автожолдарды қалпына келтіру, темірбетон плиталарын төсеу, дренаж жүйесі және абаттандыру кіреді. Барлық іс-шара аяқталғаннан кейін гидрологиялық нысанның жоғарғы деңгейі 2024 жылғы су тасқынының ең жоғары деңгейіне тең…
