e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды
e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды Халықаралық OPSI платформасы Қазақстанның e-Qyzmet – персоналды басқару ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін енгізу бойынша сараптамалық материал жариялады. Бұл Қазақстанның мемлекеттік сектордағы кадрлық процестерді цифрландыру жетістіктері халықаралық деңгейде мойындалып жатқандығының көрсеткіші. e-Qyzmet жүйесі – мемлекеттік басқаруды цифрлық жаңғыртудың негізгі элементі және ұлттық кадр саясатын іске асырудың маңызды құралы. Жүйе HR-процестерді толық автоматтандырып, кадрлық деректерді орталықтандырады. Бюрократиялық кедергілерді жойып, субъективті шешімдер қабылдау тәуекелін барынша азайтады. Кадрларды қабылдау, тиімділікті бағалау әрі мансаптық ілгерілету үрдістерінің меритократиялық қағидаттармен жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Платформа барлық мемлекеттік органдардағы 400-ден астам басқарушылық процестерді және HR-рәсімдерді қамтиды. e-Qyzmet іріктеу рәсімдерін цифрландыру мен әкімшілік кедергілерді…
