Техникалық және кәсіптік білім беру
Техникалық және кәсіптік білім беру 2025–2026 оқу жылында 189 мың талапкер қабылданды, оның ішінде 145 мыңы — мемлекеттік тапсырыс бойынша. 9-сынып түлектерінің барлығы машина жасау, IT, энергетика және құрылыс сияқты сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқумен қамтылған. Дуальді білім беру жүйесі бойынша 108 мың студент оқиды, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 135 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Қытай, Германия, Франция, Түркия, Оңтүстік Корея, Финляндия, Канада, Сингапур, Италия, Ұлыбритания және Швейцария колледждерімен академиялық мобильділік, халықаралық салалық аккредитация және стратегиялық әріптестіктің өзге де түрлері бойынша жасалған 50-ден астам халықаралық келісім білім сапасын арттыруға және түлектердің жұмысқа орналасуын қамтамасыз етуге ықпал…
