Ақмола облысында салық реформасы мен тарифтік реттеу мәселелері талқыланды
Ақмола облысында бизнес қауымдастықтардың, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының, жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік кірістердің аумақтық бөлімшелерінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, соның ішінде Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің ережелерін, тарифтік саясатты және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыру тетіктерін түсіндіру болды. Жиынға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев, Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Қуаныш Күлназаров және Ауыл шаруашылығы министрлігі Азық-түлік нарықтары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Нұржан Ильясов қатысты. Ерлан Сағынаев жаңа Салық кодексі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетінін атап…
