АЭС атауына арналған конкурс қарқын алуда — тәулік ішінде 10 мыңға жуық өтінім түсті
2025 жылғы 25 қыркүйек сағат 12:00-ден 26 қыркүйек сағат 12:00-ге дейін eGov Mobile қосымшасы арқылы Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясына атау беру бойынша 9 945 ұсыныс келіп түсті. Айта кетейік, АЭС-ке ең үздік атау беру жөніндегі жалпыхалықтық конкурс 25 қыркүйек күні сағат 12:00-де басталды. Оған қатысу eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі: басты бетте «АЭС-ке атау ұсыныңыз» деген баннер орналастырылған. Бастаманың мақсаты – болашақ станцияның тарихи, мәдени және ұлттық маңызын айқындайтын атауды таңдау. Байқауға еліміздің кез келген тұрғыны қатыса алады. Ол үшін: - тілді таңдау (қазақ немесе орыс); - атаудың өз нұсқасын ұсыну; -…
