
Ақмола облысының ЭТТД қаржылық қылмыстармен күресуде: халыққа арналған дәрістер мен ескертулер
Ақмола облысының ЭТТД қаржылық қылмыстармен күресуде: халыққа арналған дәрістер мен ескертулер Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимылға ерекше назар аудара отырып, «Заң және тәртіп» мемлекеттік тұжырымдамасын іске асыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. Осы ретте, цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы және алаяқтық схемалар санының өсуі жағдайында халық арасында профилактикалық жұмыс ерекше өзектілікке ие боладуда. «Заң және тәртіп» ұлттық бастамасы аясында ЭТТД қызметкерлері ауқымды түсіндіру іс-шараларын жүргізуде. Мекеме қызметкерлері мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін, еңбек ұжымдарының, жастар бірлестіктері өкілдерін, ЖОО студенттерін және орта мектеп оқушыларын қаржылық алаяқтықтың неғұрлым кең таралған схемалары туралы хабардар етуде. 26 маусымда ЭТТД қызметкері…