
Ұлттық алдын алу тетігі — жабық мекемелердегі адам құқықтарын қорғаудың негізгі құралы
Қазақстан Республикасы Адам құқықтарын сақтау саласындағы негізгі халықаралық-құқықтық шарттық тетіктердің қатысушысы бола отырып, азаптау мен зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік саясатын берік ұстанады. Соңғы жылдары Қазақстан азаптауды жою және адам құқықтарын қорғаудың тиімді жүйесін құру жөнінде елеулі қадамдар жасады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша басталған ауқымды реформалардың арқасында азаптауға қарсы күрес жүйесі түбегейлі өзгерістерге ұшырап, барынша ашық әрі тиімді бола түсті. Алдын алудың маңызды құралдарының бірі «Омбудсмен+» моделі бойынша он жылдан астам табысты жұмыс істеп келе жатқан «Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ)» болды. ҰАТ-ның қатысу тиімділігі БҰҰ-ның халықаралық құқықтық актілерінде көрсетілген ең үздік халықаралық стандарттарды ескере отырып, нақты заңнамалық және практикалық шаралармен қамтамасыз…