
Сауда министрлігі 4 айда тұтынушылардың 690,5 млн теңгесін қайта өндірді
2025 жылғы қаңтар–сәуір айлары аралығында ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменттері азаматтардың құқықтарын жалпы сомасы 690,5 млн теңгеге қорғады. Бұл — жүйелі әрі мақсатты жұмыстың нақты нәтижесі. Аталған кезеңде 122 тұтынушының мүддесін қорғауға бағытталған 34 резонанстық іс қаралып, 461,9 млн теңге көлемінде өтемақы қайтарылды. Осы істердің қатарында қайтарылған сома 5 млн теңгеден асқан жағдайлар да бар. Алматы қаласында пәтер сатып алған азаматқа заңмен көмек көрсетілді. Қабырғалардағы жарықтар, жылу оқшаулауының нашарлығы және шектен тыс шу деңгейі анықталған соң, тұтынушының шағымы негізінде 25,9 млн теңге қайтарылды. Астана қаласында премиум санатындағы автокөлік сатып алған…