День: 23.05.2025

Көкшетауда «Балғын балалық шақ» атты мерекелік іс-шара өтті

Көкшетауда «Балғын балалық шақ» атты мерекелік іс-шара өтті

  Балалық шақ – әр адамның жүрегінде сақталатын ең шуақты естелік. Бүгін Көкшетаулық балалар дәл сондай әсерлі әрі мағыналы күннің куәсі болды. Оқу-ағарту министрлігі жариялаған 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясында «Отбасында өмір сүру бақыты» тақырыптық күні өтті. Осы күн шеңберінде ұйымдастырылған «Балғын балалық шақ» атты іс-шара балғындарға шын жүректен қуаныш сыйлады. Шараға көпбалалы отбасылардан шыққан, ерекше қажеттіліктері бар және асыранды балалар, сондай-ақ толық емес отбасылардың балалары қатысты. Олардың жүздеріндегі шат күлкі мен шынайы қуаныш – бұл күннің басты көрсеткіші десе болады. Іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесі» мен «Qolqanat» әлеуметтік жобасы бірлесіп…
Подробнее