
Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы орнықты даму мен цифрландыруға қосқан үлесі үшін халықаралық марапатқа ие болды
Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы (МЖӘ) БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) қолдауымен Сербия астанасы Белград қаласында өткен ІХ Халықаралық МЖӘ форумында халықаралық марапатқа ие болды. Халықаралық қазылар алқасы Орталықтың орнықты даму мақсаттары мен цифрлық трансформация қағидаттарына сәйкес келетін МЖӘ жобаларын ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады. «Бұл марапат – бүкіл кәсіби ортаның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Қазақстан МЖӘ тетіктерін халықаралық стандарттарға сай жетілдірумен қатар, цифрлық технологияларды тиімді енгізу арқылы саланың сапалы дамуына жол ашып отыр», – деді «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Аслан Қалиғазин. Орталықтың мәліметінше, 2006 жылдан бері елімізде жалпы 2,6 трлн теңге сомасына 1100-ден астам келісімшарт…