
Бүгін — Халықаралық мейіргерлер күні
Бүгін - Халықаралық мейіргерлер күні Бүгін, 12 мамыр - мейіргерлер күні. Бұл атаулы күн 1974 жылы Халықаралық мейіргерлер кеңесінің бастамасымен бекітілген. Бүгінде еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде 190 мыңнан астам орта буын медицина қызметкері жұмыс істейді. Соның 146 мыңы - мейіргер, ал үштен бірі ауылдық жерде еңбек етеді. Бүгінде олардың рөлі едәуір артқан. Өйткені саулығы сыр бергендерге ең алдымен көмекке жететін осы мамандар. Ал алыс ауылдағы мейіргерлер тіпті әмбебап: дүниеге келген нәрестенің күтімі де солардың мойнында. Ауру мен ажалға араша тұрар мейіргерлердің ішінде бірге қызмет ететін ерлі-зайыптылар да бар. Оралдық Дмитрий Лаврик -солардың бірі. Құлақ-мұрын ауруларының маманы қазір зайыбымен бірге бір…