
Алқабилер қалай таңдалады?
Қазақстанда сот төрелігінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында алқабилер сотының ауқымы кеңейіп келеді. Бұл туралы Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ибрагим Әлкенов брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Сот отырысын алқабилердің қатысуымен өткізу қазақстанға осыдан шамамен 20 жыл бұрын келген. Ол үшін арнайы заң қабылданыпты. Мәселен, 2023 жылдың өзінде алқабилердің қарауына жататын қылмыс құрамдарының саны 14-тен 35-ке дейін, ал 2024 жылдың 1 қаңтарынан 44-ке дейін артты. Сот төрағасының айтуынша, бұрын алқабилердің қатысуымен тек аса ауыр қылмыстарды қаралса, енді ауыр және орташа ауырлықтағы кейбір қылмыстар да алқабилер қарауына өтуде. «Алқаби болу үшін…