
Басымдықтағы энергия тиімділігі: Ақмола облысы тұрақты даму жолында
Ақмола облысында энергия тиімділігін арттыру және энергия ресурстарын тұтынуды қысқарту бойынша бастамалар дәйекті түрде іске асырылуда. Бұл шаралар ҚР Президентінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспар аясында қабылдануда. Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институтының (ЭЭДЭҮИ) 2024 жылғы деректеріне сәйкес, өңірдің мемлекеттік энергетикалық тізілімі субъектілерінің 99,5%-ы (1175-тен 1169-ы) есеп берді. Мұндай жоғары қамту деңгейі бюджеттік және тұрғын үй-коммуналдық салаларда энергия тұтынуды 3%- ға қысқартуға мүмкіндік берді. Өңірде инженерлік желілер жүйелі түрде жаңартылуда. 2024 жылы заманауи технологиялар мен жылу оқшаулағыш материалдарды қолдана отырып, 30 шақырым жылу және 48,8 шақырым су құбыры желілері жөнделді.…