
Ақмола облысында құзырлы органдар заңсыз ойын бизнесімен күреске ерекше ден қойып отыр
Ақмола облысында құзырлы органдар заңсыз ойын бизнесімен күреске ерекше ден қойып отыр. Себебі құмар ойынға тәуелділік – тек жеке адамның емес, тұтас қоғамның әл-ауқатына қауіп төндіретін әлеуметтік әрі экономикалық мәселеге айналды. Облыстағы құмар ойындарымен күрес жолдары туралы Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру Департаменті басшысының орынбасары Алмас Баймурзин брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Экономикалық тергеу департаменті облыс аумағында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында жүйелі түрде алдын алу және заңсыз ойын бизнесінің жолын кесу бағытында жұмыс жүргізіп келеді. Мәселен, 2024 жылдың өзінде интернет кеңістігіндегі мониторинг нәтижесінде 1472 күмәнді сілтеме анықталып, оның 1309-ы бұғаттауға жіберілген. Олардың ішінде интернет-казино,…