
Туризм экономикалық өсу мен мәдениетаралық өзара әрекеттесудің драйвері ретінде
Мемлекет басшысы туризм саласы әлемдік экономиканың динамикалық дамуының катализаторы екенін атап өтті. Қазақстанда туристік саланы дамыту үшін барлық қажетті мүмкіндік бар: экологиялық туризмнен бастап, іскерлік туризмге дейін. Сонымен қатар, Президент қазіргі таңда бұл сала тиімді жұмыс істемейтінін атап өтіп, оның дамуын сапалы серпіліс жасау үшін бірқатар жүйелі шараларды белгілеген болатын. Бурабай курорты, Алматы және Маңғыстау облыстарымен қатар, Қазақстандағы туризмнің үш негізгі орталығының бірі ретінде таңдалды. Ол тек әлемнің түкпір-түкпірінен саяхатшыларды тартып қана қоймай, өзінің ерекше табиғи сұлулығы, бай мәдени мұрасы және белсенді демалыс мүмкіндіктерінің арқасында ғаламдық туристік бағыттар картасында маңызды орын алады. Бұл аймақ Орталық Азияда ғана емес, халықаралық аренада…