
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері AlmatyFairai көрмесіне барды
🇰🇿🇺🇿Қазақстан мен Өзбекстан президенттері AlmatyFairai көрмесіне барды 🟦Жасанды интеллектінің дамуына арналған көрмеде мемлекеттер басшылары GovTech, Fintech, BigTech, Smart City бағыттарындағы озық шешімдермен танысты. Сонымен қатар IT-компаниялардың жетістіктері, инновациялық және білім беру жобалары қойылған арнаулы аймақты аралап көрді. 🟦Өзбекстан Президентіне Аlemai халықаралық жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасы таныстырылды. Жоба Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл орталық мыңдаған маманның жасанды интеллект саласы бойынша білім алуына және стартаптарды іске қосуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевке Ұлттық жасанды интеллект платформасы таныстырылды. Оның көмегімен мемлекеттік органдардың жұмысын оңтайландыруға болады. 🟦Сонымен қатар президенттерге ұлттық экономикадағы ЖИ әлеуетін арттыруды…