
Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Шаттық Мұратқызы Құламбаева/Казионованың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады. Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Сабаделе (Испания) ITF W35 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Құламбаева — Казионова ширек финалда аргентиналықтар Орнелла Де Фацио — Маура Йовичпен кездесуі керек еді. Алайда аргентиналық дуэт матчқа келмей қалды да, қазақстандық-ресейлік жұп ойнамастан жартылай финалға жолдама алды. Құламбаева/Казионованың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.