
Қосшыда көктемгі су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді
Көктемнің келуімен Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылының тұрғындары су тасқыны қаупіне дайындық жұмыстарын жүргізуде. Қала аумағынан өтетін Нұра өзені жыл сайын су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандарына қауіп төндіреді. Осыған байланысты жергілікті билік су тасқынының алдын алу мақсатында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарды. Бұл туралы брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Нұрлан Садыров мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Қосшы қаласының су жинау станциясы маңы мен Тайтөбе ауылындағы Мүсірепов көшесі орналасқан үшінші шағын аудан су басу қаупі жоғары аймақтар болып белгіленді. " Қала және ауылды жерлерде қорғаныс бөгеттерін нығайту, су өткізу жүйелерін тазарту және жедел штаб құру…