
Бүгін қастерлі Бурабай баурайында Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы өтті. Алқалы жиында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдің алдағы бағдарын айқындап берді. Онда соңғы кезеңде қоғамда қызу талқыланған өзекті мәселелерден бастап еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси бағдарына қатысты басымдықтар түгел қамтылды. Жалпы, Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай туралы бастаманы осыдан бірнеше жыл бұрын өз Жолдауында көтеріп, оны елді жаңғыртудың тиімді тетіктерінің бірі ретінде ұсынған болатын. Содан бері Қазақстанда түбегейлі өзгерістер қолға алынып, кешенді саяси реформалар іске асырылды. Мемлекет басшысы осы ауқымды жұмысқа Ұлттық құрылтай мүшелері зор үлес қосқанын атап өтіп, бұл бастама арқылы қоғамдық диалогтың жаңа үлгісі қалыптасқанын айтты. Президентіміз бүгін көптің назарына ілінген…