
🎾Михаил Кукушкин Индиан-Уэллс турнирінде іріктеудің финалына шықты BNP Paribas Open 2025, яғни Индиан-Уэллс турнирі, 2025 жылдың 6-17 наурызы аралығында 🇺🇸АҚШ-тың Калифорния штатындағы Индиан-Уэллс қаласында өтеді. 🇰🇿Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин аталмыш турнирде іріктеудің финалына шықты. Іріктеудің жартылай финалында Михаил ұйымдастырушылардан Wild Card алған француз Тео Папамаламисті 6:4, 6:7, 7:5 есебімен ұтты. Жарыстың негізгі кезеңінде ойнау үшін Кукушкин италиялық Джулио Зеппиериді жеңуі тиіс. 🕰Кездесу 5 наурыз Қазақстан уақытымен 00:30-да басталады. https://t.me/atamekenbusiness_sport