
Бұландыда 4 мектеп күрделі жөндеуден өтті
Бұланды ауданында білім беру жүйесін жаңғырту мен дамыту бойынша маңызды жұмыстар жүргізілуде. Ауданда мектептер мен білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жақсарту мақсатында түрлі жобалар жүзеге асырылуда. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Исмағамбетова Кенжебике мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Өткен жылы ауданның 4 мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған. Бұл мектептерге Макинск қаласының мектеп-гимназиясы, Қараөзек, Вознесенка және Никольское ауылдарының білім беру мекемелері кіреді. Осы жылы Макинск қаласындағы екі мектеп – №1 жалпы білім беретін мектеп пен Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейі күрделі жөндеуден өтеді деп жоспарланып отыр. Оның қатарында мектепке дейінгі ұйымдарды жаңғырту ісі де бар. «Сондай ақ аудан мектептерінің…