
Целиноград ауданы: мәдени даму және болашаққа инвестиция
Астанаға іргелес орналасқан Целиноград ауданы – бай мәдени мұрасы мен заманауи бастамалары үйлескен аудан ретінде танымал. Ауданның мәдени әлеуетін дамыту мақсатында 21 мемлекеттік мәдениет нысаны жұмыс істейді. Олардың қатарында 14 кітапхана, тілдерді оқыту орталығы және балаларға арналған коворкинг орталығы бар. Басқа да мәдениет жаңалықтары жайлы брифинг барысында аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Толқынбек мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Ауданның алыс жақын ауылды жерлерінің мәдениет үйлеріне музыкалық жабдықтар сатып алуға облыстық бюджеттен 10 миллион теңге бөлінді. Бұл қолдау мәдениет саласының өнер адамдары үшін маңызды. Сонымен қатар, ауданға мәдениет қызметкерлерін тарту жұмысы да жалғасуда. "Дипломмен – ауылға!" бағдарламасы аясында алты…