Ерейментау ауданында жұмыссыздық мәселесі қалай шешілуде
Ерейментау ауданында жұмыссыздық мәселесі қалай шешілуде Жұмыссыздық кез келген өңір үшін маңызды мәселе болып табылады. Ерейментау ауданында өткен жылы жұмыссыздық деңгейі 2,1 пайызға жеткен. Алайда, ауданда жұмыс орындарын құру бойынша үлкен жұмыстар атқарылып келеді. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Баттал Ыбыраев журналистермен өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, 2024 жылы аудан бойынша бір мыңнан астам адам жұмысқа орналасуға өтініш білдіріп, оның жартысынан көбі тұрақты жұмысқа қабылданған. Осылайша, аудан тұрғындары өз кәсіптерін тауып, айтарлықтай тұрақты табыс көзін ашуға мүмкіндік алды. «Ерейментау ауданында өткен жылы жұмыссыздық деңгейі 2,1 пайызға жеткен. Оны шешу үшін…