Мобильді аударымдар: тексеріс кімдерге жүргізілетіні белгілі болды
Мемлекет барлық мобильді аударымды тексермейді. Мобильді аударымдарды тексеру не үшін қажет? Мобильді аударымдарды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметті көлеңкеден шығаруға бағытталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап. Кейбір кәсіпкерлер сатылған тауарлар немесе қызметтер үшін төлемді мобильді аударымдар арқылы алады. Алайда, бұл аударымдар кассалық аппараттарды, POS-терминалдарды және QR-кодтарды қолданбай жүргізіледі. Тиісінше, чектер берілмейді және тұтынушылардың құқықтары бұзылады. Айта кету керек, мемлекет барлық мобилді аударымды тексермейді. Тек әртүрлі тұлғалардан үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобильді аударым алған тұлғалар ғана, яғни, кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалған жағдайда тексеру жүргізіледі. Туыстар мен достарға ақша аударуға бола ма?…