АЭС – керемет мүмкіндік
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында елімізде атом электр стансасын салу мәселесіне тағы да оралып, бұған дейін айтылған республикалық референдумның нақты өтетін күнін бекітті. Алдағы 6 қазанда ел тұрғындары бір кісідей атсалысып, аталған мәселеге орай өз таңдауларын жасауға тиіс. Атом электр стансасының әлеуеті және еліміздегі бұл бағыттың келешегі туралы айтар болсақ, еліміздің Курчатов қаласында Ұлттық ядролық орталық жұмыс істейді. Ол жерде осы саланың білікті мамандары еңбек етеді. Сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» компаниясында радиоактивті материалдармен жұмыс істей алатын ядролық саланың иелері бар. Одан бөлек, Алматыда 60 жылдан бері Ядролық физика институты жұмыс істеп тұрғанын көп адам білмеуі де мүмкін. Бір ай бұрын мен сол…