Атом өнеркәсібінің игілігі
Елде атом энергетикасын қалыптастыруға алғышарт бар. Инженерлік дәстүр, уран өндіру және ядролық отын дайындау толық қалыптасқан. АЭС құрылысы еліміз үшін уран өндіруден бастап одан электр энергиясын өндіруге дейінгі толыққанды интеграцияланған саланы құруға мүмкіндік тудырады. Сарапшылар мұны елдің энергетикалық тәуелсіздігі жолындағы елеулі қадам болады деп бағалайды. Технологиялық дербестіктің қозғаушы күші Мысалы, 2023 жылдың қарашасында пайдалануға берілген Беларусь АЭС-нің №2 блогі электр энергиясына деген қажеттіліктің 40%-ын қамтамасыз ете алды. Нәтижесінде, 2 үлкен ГРЭС-тегі ескі және тиімділігі төмен бу энергоблоктері пайдаланудан шығарылды. Онымен қоймай, Ресейден импортталатын табиғи газ көлемі 5,6 млрд текше метрге дейін қысқарды. Игілік мұнымен де бітпей, қалалық жылумен жабдықтау жүйесінде…