Ядролық отынды пайдалану тәуекелі
Болашақта радиоактивті қалдықты қайта өңдеп, қажетке жаратуға отандық ғылым қабілетті ме? Әлем тәжірибесінде ядролық отын қалай өңделіп жүр? АЭС туралы әңгіме қозғай қалсақ, ядролық отынның жай-күйі міндетті түрде сөз болады. Ерлан БАТЫРБЕКОВ АЭС іске қосылып, толық жұмысы басталған кезде ядролық отын өз функциясын орындай бастайды. Әдеттегідей, пайдаланылған ядролық отынның (ПЯО) бірінші партиясы бір жыл жұмыс істегеннен кейін реактордан шығарылады. Бұл «реактордың науқан мерзімі» деп аталады. Кей реакторлардың жобаларында бұл екі, тіпті үш жылды құрайды. Одан кейін ядролық реактор жоспарлы түрде тоқтатылып, қажетті регламенттік жұмыс, соның ішінде отынды қайта жүктеу жұмысы жүргізіледі. Реактордың біржылдық науқаны кезінде реакторға о баста тиелген…