АЭС-тің артықшылығын білген абзал
Ертеңнің қамын бүгін ойламасақ, бүрсігүні опық жеп қалуымыз бек мүмкін. Оны дамыған және дами алмай отырған елдер мысалынан көріп тұрмыз. Отандық ғалымдар да елге керек энергия көзі туралы жүздеген дәлел мен дәйек келтіріп, түйінді тұсын толық жіліктеп берді. Орнықты энергия базасын құру – ауқымды міндет. Үлкен энергия көзін бір жерге жинап алып, сосын оны ретімен пайдаланып, сата береміз деген түсінік жоқ. Энергияны өндірдің бе, табан астында керегіңе жаратып үлгеру қажет. Артығын сол сәтте-ақ сатып жіберуге асыққан ләзім. Өйткені ол кәдімгі жел сияқты. Уысыңда ұстап тұра алмайсың. Сондықтан мамандар осы жүзжылдықта АЭС қана орнықты үлкен энергия базасы бола алатынын айтып отыр.…