Қазақстандық мамандар шет елдің АЭС-ін салуға да өз үлесін қосып жүр – депутат
Қазақстанның атом электр станциясында тәжірибесі мол. Сондықтан мамандар АЭС салуға және оны қарқынды пайдалануға әлеуетіміз жететінін айтып жүр. Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов та бұл пікірімен келіседі. Ол елімізде АЭС салынса, оның толыққанды жұмыс істеуі үшін білікті 400 қызметкер қажет болатынына тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Депутаттың сөзінше, әлемдік тәжірибеге сәйкес, атом энергетикасы нысандары үшін мамандарға қажеттілік шамамен 2000 адамды құрайды, оның 1600-і жедел (оперативный) персонал. Мұндай нысандардың толыққанды жұмыс істеуі үшін атом энергетикасы саласында жоғары білімі бар 400 қызметкер қажет. АЭС-ке қажетті мамандар Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Қаныш Сәтпаев атындағы Ұлттық техникалық университетінде, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде даярланатын…