АЭС: Қалдықтар қауіпсіз жерде сақталады
Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз! Қазақстанның атом энергетика, ядролық физика салаларында жарты ғасырлық тарихы бар. Ал 2011 жылдан бері бұл мамандықтар бойынша 1600-ден астам студент білім алып, осы салада табысты еңбек етіп жүр. Елімізде АЭС салуға қатысты мамандардың пікірі қандай? Атом реакторлары шығаратын радиоактивті қалдықтардың көлемі қанша? Олар қалай утилизацияланады? Референдум жақындаған сайын АЭС салуға қатысты пікірталас қыза түскендей. Көпшілікті толғандыратыны кадр мәселесі. Мамандар бұған алаңдауға негіз жоқ дейді. Өйткені Қазақстан бұл саланы қашаннан меңгерген. Денис Зарва, ҚР Ұлттық ядролық орталығы бас инженерінің орынбасары: Атом энергетика саласы бізге таңсық емес. Қазір Қазақстан уран өндіріп, өңдеп келеді. Ядролық жанармай шығарамыз. Оның үстіне…