АЭС қауіпті болса, дамыған елдер мұндай стансаларды салмас еді – Халықтық штаб
Отырыс барысында атом электр стансасы жобасының маңызы мен оның ел экономикасына тигізер пайдасы кеңінен талқыланды. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Экологиялық кеңестің отырысы өтті. Жиынға партияның қалалық филиалының атқарушы хатшысы Ербол Байқонысов, Экологиялық кеңестің төрағасы Жеңіс Тұрғанов және кеңес мүшелері, жас экологтер мен бастауыш партия ұйымының өкілдері қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. Отырыс барысында атом электр стансасы жобасының маңызы мен оның ел экономикасына тигізер пайдасы кеңінен талқыланды. Ербол Байқонысов жиынға төрағалық етіп, атом энергетикасы секторын трансформациялаудың маңызды кезеңінде тұрғанымызды атап өтті. «АЭС құрылысы – Қазақстанның ұзақмерзімді табысты дамуының кепілі. Барлық озық ойлы тұлғалар атом энергетикасының тиімділігін жақсы түсінеді. Бұл…