АЭС САЛЫНСА ҮЛКЕН АУЫЛЫ ҚАЛАҒА АЙНАЛҒАЛЫ ТҰР – ДЕПУТАТ
Қазір АЭС-ке қарсы және қарсы емес ақпараттар арасында кәдімгідей майдан жүріп жатыр. Бәріміз сөз етіп жүрген МАГАТЭ ұйымының және АЭС салатын компаниялардың, атомдық физика институттарының сайттарында салаға қатысты бүкіл жаңалықтармен танысуға болады. Қазір жағымды да, жағымсыз да жаңалықтар жасырылмайтын болған. Бұрын атомға қатыстының бәрі жасырын сақталатын. Ал, қазір ашықтық бар. Жоғарыда атап өткенімдей әлемдік қай компанияның Қазақстанда АЭС салатыны әлі нақтыланғанбаған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев сұхбат барысында айтты. – Кейбір сарапшылар атом электр станциясының құрылысына қарсы. Жобаға қарсы адамдарға не айта аласыз? Атом электр станциясы елге қаншалықты қажет? – Әркімнің өз таңдауы бар. Мұны Президент те қолдап, референдум…