Месяц: Сентябрь 2024

Aqorda 🇰🇿: Президент:   «ТОҒЫЗЫНШЫ. Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет.   Цифрлық технологиялардың күнделікті өмірімізге жаппай енуі түрлі алаяқтардың көбеюіне әкеп соқтыруда. Оған бәріміз куә болып отырмыз. Сондықтан қазір қаржы және экономика негіздерін білу, қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды болып тұр. Осы ретте, «Amanat» партиясы ұсынған «Қарызсыз қоғам» жобасын атап өткім келеді. Азаматтардың қаржылық сауатын арттыруға арналған осы жобаға былтыр 65 мың адам қатысты. Ал биыл одан да көп адам қатысады.   Мектептерде, жоғары оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін үйрететін білім бағдарламасын енгізу қажет. Бұл жұмысты Үкімет қаржы саласын реттеу органдарымен бірге атқаруы керек.…
Подробнее
Глава государства:   «Не снимается с повестки дня проблема повышения компетенций госслужащих.   Все назначения следует осуществлять с учетом профессиональных и моральных качеств кандидатов, а также их результативности на предыдущих должностях. Принципы меритократии никто не отменял. Положительные изменения в этой работе имеются. Осуществлен перевод всех государственных органов в единую кадровую информационную систему.   Теперь Агентству по делам госслужбы и Правительству следует обеспечить автоматизацию кадровых вопросов организаций, финансируемых из государственного бюджета»   t.me/aqorda_resmi
Подробнее
Aqorda 🇰🇿: Мемлекет басшысы:   «Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мәселесі әлі де өзекті.   Үміткерді кызметке тағайындаған кезде оның кәсіби және моральдық қасиеттерін мұқият ескерген жөн. Бұрынғы жұмысын қалай атқарғаны да қаперде болуы керек. Меритократия қағидаттарынан ешкім бас тартқан жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстың аяқ алысы жаман емес. Қазір мемлекеттік органдардың бәрі кадр жөніндегі бірыңғай ақпараттық жүйеге көшті.   Енді Үкімет пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің кадр мәселесіне қатысты жұмысын толық автоматтандыруы керек»   t.me/aqorda_resmi
Подробнее
Касым-Жомарт Токаев:   «Одним из запросов граждан, который государство удовлетворило за последние годы, стало внедрение прямой выборности акимов.   Так, с 2021 года избрано около 2,5 тысячи акимов сел, что составляет 90% от общего количества глав сельских населенных пунктов. В остальных селах выборы будут проходить по истечении сроков полномочий их акимов. Средний возраст вновь избранных акимов – 46 лет, 60% из них ранее не работали на государственной службе. Среди них есть предприниматели, члены различных партий. Одним словом, корпус акимов, избранных народом, в значительной степени обновился.   Осенью прошлого года мы впервые начали проводить выборы акимов районов и городов областного значения.…
Подробнее
Aqorda 🇰🇿: Қасым-Жомарт Тоқаев:   «Азаматтарымыздың соңғы жылдардағы тағы бір талабы – әкімдерді тікелей сайлау жүйесін енгізу. Бұл талап та орындалды.   Ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесі 2021 жылы енгізілді. Содан бері 2,5 мыңға жуық әкім сайланды. Бұл – барша ауыл әкімдерінің 90 пайызға жуығы деген сөз. Қалғандары әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталған кезде өз ретімен сайлана береді. Жаңа әкімдердің 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген.  Олардың арасында әртүрлі кәсіп иелері, түрлі партия өкілдері бар. Орташа жасы – 46 жас. Бір сөзбен айтсақ, халық өзі таңдаған әкімдердің құрамы едәуір жаңғырды.   Былтыр күзде алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар…
Подробнее
Президент:   «ВОСЬМОЕ. Следует кардинально повысить эффективность государственного управления.   С момента выдвижения мной концепции «слышащего государства» прошло чуть более пяти лет. За этот срок удалось изменить культуру взаимодействия между обществом и властными структурами. Появилось достаточное количество действенных механизмов выражения мнений и различных диалоговых площадок. Нормой стало прямое общение государственных служащих с гражданами. Можно сказать, что данная концепция сформировала новую модель поведения госслужащих – проактивную и открытую, а значит, более ответственную и эффективную. Однако, чтобы обеспечить дальнейшее развитие диалога между государством и обществом, всем нам нужно быть добросовестными, объективными, действовать исключительно в рамках закона, отвечать за свои слова и поступки.…
Подробнее
Aqorda 🇰🇿: Президент:   «СЕГІЗІНШІ. Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін барынша арттыру керек.   Мен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынғалы бес жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қоғам мен билік құрылымдары арасындағы қарым-қатынас мәдениетін өзгерте алдық. Пікір білдірудің бірқатар тиімді тетігі және түрлі диалог алаңдары пайда болды. Мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен тікелей сөйлесуі қалыпты жағдайға айналды. Бұл тұжырымдама мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жаңа моделін қалыптастырды. Олар жауапкершілікпен, проактивті, ашық және тиімді жұмыс істей бастады. Дегенмен, мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың сапасын одан әрі арттыра түсу үшін бәріміз адал әрі әділ болуымыз, тек заң аясында әрекет етуіміз, берген уәдеміз бен ісіміз…
Подробнее
Глава государства:   «Как вам известно, в стране с весны проходит общенациональная экологическая акция «Таза Қазақстан». Это созидательное начинание сплотило граждан. За несколько месяцев в акции приняло участие около 3 млн человек, которые навели порядок в сотнях тысячах дворов, собрали более одного миллиона тонн мусора. Благодаря подобным инициативам в стране укореняется новая культура, новая общественная этика. Можно сказать, что это и есть подлинный патриотизм и забота о Родине. Посредством таких дел формируется новое качество нашей нации.   Это не временная акция, данный важный проект должен продолжаться круглый год, поскольку, откровенно говоря, некоторые безответственные граждане по-прежнему загрязняют природу, улицы. За такие…
Подробнее
Aqorda 🇰🇿: Мемлекет басшысы:   «Баршаңызға мәлім, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама. «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Жүздеген мың үйдің ауласы тазартылды, 1 миллион тоннадан астам қоқыс жиналды. Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады.   Бұл – уақытша науқан емес. Осы маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс. Себебі, шынын айтқанда, кейбір санасыз азаматтарымыз табиғатты, көшелерді әлі де ластап жатыр.…
Подробнее