Тапшылықтың алдын алудың басты амалы
Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын бір деммен тыңдадық. Ондағы атом электр стансасын салуға қатысты пікірі бәрімізді бей-жай қалдырған жоқ. Осы мәселе туралы қоғамда алуан түрлі ой бар, дегенмен халықтың дені жағдайды жақсы біліп, бейбіт атомды ел игілігіне пайдалануға қарсы емес. Мұны қоғамның бел ортасында жүрген соң айтып отырмын. Көп ұзамай елде энергия тапшылығы орын алатыны баршаға мәлім. Өйткені біздегі электр энергиясының 70%-ы көмір стансаларында өндіріледі. Олардың тозу деңгейі өте жоғары. Стансалардың кейбірі алдағы 10 жыл ішінде пайдаланудан шығарылуы ықтимал. Жоспарға сәйкес, алдағы онжылдықта 26 мың МВт қуаттылығы бар стансалар іске қосылады. Әрине, оның ішінде қолданыстағы стансаларды жаңарту жұмыстары да бар. Жаңа…